Темекі бұйымдарын заңсыз алып өту әрекеті жолын кесу туралы

Темекі  бұйымдарын заңсыз алып өту әрекеті  жолын кесу туралы

2025 жылдың тамызында ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментімен темекі бұйымдарының ірі партиясын өткізу пунктінен тыс жерде Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды.

Алдын ала бағалау бойынша құны 146 млн теңгеден асатын 325 500 қорап темекі тәркіленді.

Ұсталған адамдар мен тәркіленген тауар әрі қарай қарау үшін тиісті органдарға берілді.

 

 

ҰҚК баспасөз қызметі