2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында жас офицерлерге дипломдар табыстап, кезекті шығарып салу рәсімі өтті.
132 түлекке көптен күткен бірінші – лейтенант шені берілді.
Салтанатты іс-шараға ҰҚК басшылығы мен ардагерлері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары қатысты, олар түлектерді құттықтап, ҰҚК Шекара қызметінің офицері атағын абыроймен алып жүрулерін тіледі.
Іс-шара Академияның жауынгерлік туымен қоштасумен және түлектердің шеруімен аяқталды.
ҰҚК баспасөз қызметі