
Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қосақ» (Павлодар облысы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелесі байқалады.
Жағдай жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық артуына байланысты.
Күту уақытын барынша азайту үшін өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр, қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен тығыз іс-қимыл ұйымдастырылды.
Павлодар облысында «Шарбақты» және «Үрлітөбе» халықаралық өткізу пункттері де жұмыс істейтінін еске саламыз. Солтүстік Қазақстан облысында «Жаңа Жол», «Қарақоға» және «Қызыл Жар» өткізу пункттері жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын нақтылауға және шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді және тасымалдаушылар үшін процестің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етеді.
Мысалы, «Қосақ» өткізу пунктінің шығу бағытындағы орташа өткізу қабілеті тәулігіне шамамен 200-220 жүк көлігін құрайды.
Ағымдағы жағдайды ескере отырып, қозғалысты баламалы бағыттар арқылы алдын ала түзетуді сұраймыз.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ірі көлемдегі темекі өнімдерін әкелудің жолын кесті.
Жүк автокөлігінің жасырын жеріне 360 мың қорап темекі өнімдерін тығу арқылы Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.
Алдын ала бағалау бойынша алынған темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады.
Ұсталған тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.
Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолын кесті, олардың жалпы құны 386 млн теңгені құрады.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биыл 2 маусымда Атырау облысы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған.
Сонымен қатар, осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды.
Материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді.
Жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды.
ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасында белгіленген сомадан жоғары (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салады.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 3 881 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 1 125 шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1180 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
41 факті – есірткі заты;
61 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс, 42 бірлік суық қару, 118 бірлік оқ-дәрілер);
406 факті – көлемі 85 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
526 факті – жалпы сомасы 665 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
146 факті – жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 12 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.
Алдын алған шығын сомасы 210 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 62 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдауда.
2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің
2400-ден астам фактісінің жолы кесілді.
Алып қойылған өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге.
Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.
Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі “Қапланбек” өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасына кіруді күтіп тұрған бірқатар адамдардың жиналуы туралы хабарлайды.
Бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты.
Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізілуде.
Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы сәуірде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 4 113 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 3 545 шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 985фактісінің алды алынды, соның ішінде:
34 факті – есірткі заты;
48 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс қаруы, 55 бірлік суық қару, 27 бірлік оқ-дәрілер);
403 факті – көлемі 30 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
372 факті – жалпы сомасы 825 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
128 факті – жалпы сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 18 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.
Алдын алған шығын сомасы 503 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 9 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы ақпан және наурыз айларында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 6 021 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 5 034 шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
41 факті – есірткі заттар;
50 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері);
1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
741 факті – жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
215 факті – сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын валюта.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден астамды құрады.
Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК Баспасөз қызметі
Биыл наурыз айында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шараларды өткізді.
Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
ҰҚК баспасөз қызметі
А.ж. 19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорапта акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті.
Ұсталған тауардың алдын ала құны 60 млн теңгені құрайды.
Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген.
Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді.
ҰҚК баспасөз қызметі