"Әрбір бала – бір жұлдыз"
"Есілбай ЖОББМ" КММ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан "Шабыт" жобасы өз жалғасын табуда!
Жоспарға сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, мектепте "Отаным – бақыт ордасы" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ патриоттық бағыттағы жаңа музыкалық шығармаларды насихаттау.
Сахнада халық әндері мен қазіргі заманғы патриоттық әндер шырқалып, оқушылар ән орындау шеберлігін, сахна мәдениетін және көркемдік талғамдарын жоғары деңгейде көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс ырғағына, орындау мәнеріне, сахналық образдарына ерекше назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – 2-сынып "Қазақстаным – Отаным" әнімен және 4-сынып "Тәуелсіздік ерлері" әнімен үздік деп танылды.
Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды. Бұл тамаша іс-шара оқушылардың шығармашылығын шыңдап, патриоттық рухтарын көтерді!#шарбакты #щербакты #щербактинскийрайон
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_pvl_sherb
#Министерство_просвещения_РК #оқуағарту
#bilim_basqarmasy
#білімбасқармасы #единаяпрограммавоспитания
#оқуағартуминстрлігі
#Ұлыжеңиске80жыл #80летВеликойПобеде
@bilim_basqarmasy
@sharbaqtyaqparat
@rumcdo_official