Шарбақты ауданының "Есілбай ЖОББМ" КММ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Шабыт" жобасын іске асыру мақсатында "Ретро әндер" фестивалі өтті. Фестивальдің ашылуында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Бекболат Медина "Күлгенің қандай әдемі" әнімен кеш шымылдығын түрді.
Бұл ән кешінде сағыныш пен махаббатқа толы, сырлы жастық шақты көз алдымызға әкелетін сүйікті әндер шырқалды. Жанымызға жылу, көңілімізге көрік сыйлаған сол бір сұлу әндер тағы да әуелеп, мектебіміздің сахнасында орындалды.
Ретро әндерге деген халықтың ықыласы бүгінгі күнге дейін ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді қайта еске түсіріп, көрермендерге ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Фестиваль қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, марапатталды.