Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы

Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы

Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы

Шалқар ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспары негізінде Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасының демеушілігімен 2025 жылдың қыркүйек айының 19-26 күндері аралығында  білім беру қызметкерлері арасында аудандық мұғалімдер спартакиадасы өткізілді. Аудандық спартакиада спорттың 6 (тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол (ер, әйел) түрінен өтті. Жарысқа жалпы білім беру мектептерінің құрама командалары қатысты. Жарыс №1 мектеп-гимназия, №2мектеп-гимназия, №4, №8 ЖОББМГ, І.Үргенішбаев атындағы ЖОББ мектептерінің спорт залдарында өткізілді. Аудандық жарысқа 22 команда, 742 мұғалім қатысты. Спартакиада жеңімпаздары болып «№1 мектеп-гимназия» құрамасы танылды. Командалық екінші орында №І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ, үшінші орында  №2 мектеп-гимназия  командалары иеленіп.Дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің спартакиадасы алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.