«Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар

«Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар

2025 жылдың 28 қараша күні  аудандық құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  семинар өтті. Семинардың мақсаты – география сабақтарын экологиялық бағытта тиімді жоспарлау, оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тәжірибе алмасу.    

Семинар теориялық және практикалық бөлімде өтті.

Теориялық бөлімде  аудандық құрылымдық бөлімше әдіскері Г.Елгондина  «Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктері»,  №6 ЖОББМ география пәні мұғалімі А.Қаниева,  №7 ЖОББМ  география пәнінің мұғалімі А.Садуақасов  «Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыптарында  баяндама оқып, география пәнінде қоршаған ортаны қорғау аспектілерін оқытудың заманауи әдістері, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми көзқарастар мен педагогикалық тәсілдер ұсынды.

Практикалық бөлімде топтық жұмыстар жүргізілді.  Қатысушылар  жергілікті және жаһандық деңгейдегі қауіпті табиғи құбылыстарды талдап, олардың салдарын азайтуға бағытталған құзіреттіліктерді дамыту әдістерін қарастырды. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.

География сабақтарында тиімді қолдануға болатын платформалар көрсетілді:

  • Mozaik3D – кеңістіктік түсініктерді 3D форматта меңгерту;
  • PixVerse-AIVid – экологиялық құбылыстарды бейнеформатта модельдеу;
  • Virbo – виртуалды ассистент арқылы түсіндіру;
  • ARLOOPA – қосымша шындық көмегімен табиғи үдерістерді

визуализациялау. Бұл құралдар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, күрделі табиғи процестерді терең түсіндіруге және оқу үдерісін заманауи форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді. Семинар соңында қатысушылар ұсыныстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасып, болашақтағы бірігіп жұмыс жасау бағыттарын белгіледі.