Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табылады.

Әлемдегі бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жойған жоқ, тек оның деңгейін төмендетуге болады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп жатқаны қуантады, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар осының жарқын дәлелі болып табылады. Оған дәлел ретінде, Қазақстан Республикасын ТМД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған алғашқы мемлекет екенін көрсетуге болады.

Айта кету керек, 2022 жылы Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған сәттен бастап біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен мемлекеттік қызметтің «Мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық орын ауыстыру үшін жағдайлар қысқартылды, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды, жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өткізілді.

Осы жаңалықтардың арқасында барлық азаматтардың материалдық, әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан қалаған лауазымға орналасу мүмкіндігі бар; биліктің жоғарғы эшелондарында туыстық байланыстар мен таныстардың болуы оның жұмысқа орналасуына да әсер етпейді. Бұл қазіргі мемлекеттік қызметшілерге оларды жоғарылату кезінде де қатысты.

Мың шақырымдық жол бірінші қадамнан басталады дегендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жолда, әлі көптеген белестерді бағындыру керектігі айдан анық. Осы жолда мемлекеттік қызметшілердің де атқаратын рөлі үлкен. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Жаңа кезеңге қадам басып, өзгерістер кезеңін өткізіп жатқан елімізде әділ, әрі  адал, арын кір шалмаған азаматтардың қызмет жасауы - қоғам талабы деп білемін. 

Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекетімізді құрудағы іс жүзіндегі көрінісіміз әділдік пен адалдық болу керек деп санаймын. Оның көрінісі әр адамның өз ойында. Оқты жонғандағы қателік атқанда көрінеді, сондықтан, мемлекеттік қызметшілер шешіп құтылатын мәселеден қашып құтылу желаяқтық емес алаяқтық екенін түсініп, халыққа және өз істеріне адал және әділ болып келетін мемлекеттік қызметшілер, мінсіз мемлекеттік қызметшінің тағы бір заманауи портреті деп түсінемін.

 Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жұртшылықтың әлеуеті белсенді пайдаланылуда, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар ұсынған қоғамдық бақылау күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің жанынан жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар құрылды, олардың басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалау. Біздің облысымызда Алтынбеков Бекзат Құмарұлы, Токатов Руслан Алтайұлы, Мустафин Серик Хамзиевич секілді тұлғалар жоғарыда айтылған мониторингтік топтың мүшелері болып табылады.

 Біздің қаламызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс шаралар топтамасын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі қызметтер» жобасымен іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жылдың өзіңде мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты эссе және презентация байқаулары өтті, күзгі маусымда жастар арасында осы бағытта бейнероликтер конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, қаламызда бірнеше семинар-тренингтер, акциялар мен флешмобтар өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта, қаламыздың мемлекеттік мекемелерімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама аяқталу кезеңінде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

Сөзімді түйіндей келе, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін еліміздің әрбір азаматы түсініп, қазақ қоғамының әлеуметтік- экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінен бастауы қажет деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзімізден бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу әрқайсымыздың парызымыз екенін айтқым келеді.

 

Шахтинск қаласының

әкімі М.Е. Қыдырғанбеков