Орманды қорғайық

Орманды қорғайық

Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 20 қарашадағы  №27-03/307-нқ бұйрығына сәйкес «2025 жылғы жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту туралы”.

Жаңа жылдық шыршаларды қорғау үшін орман күзетшілері тәулік бойы кезекшілікте болады. Облыс аумағында және орталығына ең жақын орналасқан «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» КММ қызметкерлері 5 мобильді топ ұйымдастырды. «Орман күзетшілері» шыршаларды ұрлау ықтималдығы жоғары орман аумақтарын күзетеді. Шыршаны кесіп, ұрлаған жағдайда тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 2-бөлігімен жауап береді. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, 2. Елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі