2025 жылғы 14 мамырда Семей қаласы мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа қала әкімінің орынбасары А.С. Сәлімбаев, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:
«Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195–VIII «Семей қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» .
Күн тәртібіндегі мәселе талқылағаннан кейін, тұрақты комиссия оны қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.