Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай

4–9 мамыр аралығында Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар тағылымды іс-шаралар өтті. 24 сәуір күні Жеңіс саябағында Мәңгілік алаудан алынған қасиетті от Мақаншы шекара басқармасына салтанатты түрде табысталып, ТМД елдері арасындағы «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

6 мамырда №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ардагерлерге арналған салтанатты іс-шара өтті.

4–8 мамыр аралығында Семей қаласының мәслихат депутаттары ардагерлердің үйлеріне барып, Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттар табыс етті.

9 мамыр күні Жеңіс саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, қатысушылар майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етті.

Семей қаласының мәслихаты бұл маңызды іс-шаралардың барлығына депутаттарымен бірге белсене қатысты.

Ерлік — мәңгілік, естелік — өшпейді!