2025 жылғы 18 сәуірде Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессия отырысында 17 - округіне сайланған Хасен Советханұлы Молдабаевты Семей қалалық мәслихаты депутаттық корпусы атынан депутаттық мандат пен куәлік табысталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды шешімдер қабылдауда табыс пен абырой тілейміз! Жауапты қызметіңізде сәттілік серік болып, тұрғындардың сенімін ақтай беріңіз!
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
А. Бекжасаров