2025 жылдың 8 сәуірінде Семей қалалық мәслихатының төрағасы Айболат Бекжасаров Астана қаласында өткен ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша “Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі” тақырыбында қала мәслихаты депутаттарының қатысуымен отырыс өткізді.
Жиын барысында мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, жергілікті деңгейде басқару мен шешім қабылдау тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықпен тұрақты кері байланыс орнату мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тұрғындармен тікелей байланыс орнату үшін тұрғын үйді басқару ұйымдарында арнайы ұсыныс жәшіктері немесе ашық папкалар орнату ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізу, жергілікті белсенділермен ашық әрі адал қарым-қатынас орнату қажеттігі де қозғалды.
Депутаттар бұл бастамаларды қолдап, сонымен қатар өз ұсыныстарын да ортаға салды.
Кездесу соңында Павлодар қаласына іскерлік іссапар ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалды. Бұл сапар тәжірибе алмасу мақсатында болмақ, себебі Павлодарда тұрғындармен өзара әрекеттесу жүйесінде 2GIS платформасын тиімді қолдану тәжірибесі бар екендігі ескерілді.