2025 жылдың 3-4 сәуірде Астана қаласында Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Басты тақырып – мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі.
Бұл маңызды отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат өкілдері, оның ішінде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Айболат Бекжасаров қатысты.
Отырысқа қатысушылар мәслихаттардың тарихи жолын, ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын, сондай-ақ атқарушы билікпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті жерлерде мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.