Семей қаласы мәслихатының қызметкерлері архив ісі және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша оқудан өтті  

Семей қаласы мәслихатының қызметкерлері архив ісі және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша оқудан өтті   

2026 жылғы 29–30 қыркүйекте Қарағанды қаласында «Архив ісі және архивтік құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер» және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге оқыту тақырыптарында семинар өтті.

Семинар жұмысына Семей қаласы мәслихатының бас маман-бухгалтері Лаура Мусина және іс жүргізу жөніндегі инспекторы Салтанат Баймұрзаева қатысты.

Семинар барысында қатысушылар архив ісі және архивтік құжаттаманы басқару саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілген негізгі өзгерістермен танысып, семинардың пленарлық және секциялық бөлімдеріне қатысты. Сонымен қатар, «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқудан өтті.

Сондай-ақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесін әдістемелік және техникалық сүйемелдеу, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуді ұйымдастыру мәселелері қаралып, семинар бағдарламасы аясында практикалық және ақпараттық іс-шаралар өткізілді.