
Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықовтың төрағалығымен кезекті сессия қарсаңында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев, мемлекеттік органдардың басшылары және жауапты мамандар қатысты.
Отырыста жылыту және су тасқыны кезеңдеріне дайындық, салық мөлшерлемелеріне қатысты шешімнің орындалуы, денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі, қала бюджеті мен даму жоспарына өзгерістер енгізу, терроризмге қарсы комиссия құрамын өзгерту, кондоминиум объектілерін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері, әлеуметтік көмек көрсету қағидалары, мәслихат аппараты туралы ереже мен мәслихат регламентіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады.
Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларды тыңдап, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді көтерді, ұсынылған материалдарды жан-жақты қарап, ескертулер мен ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерді Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.