
Құрылтай депутаттарының сайлау науқаны кезеңінде нәтижелі жұмыс атқарып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізген штаб мүшелері марапатталды.
Сайлау науқаны барысында олар әр сайлаушымен кездесіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, партияның мақсат-міндеттері мен басым бағыттарын тұрғындарға жеткізуге белсене атсалысты.
Белсенділігі мен жауапкершілігі, сайлау науқанын жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін штаб мүшелеріне «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.