
Абай облыстық «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалында көру қабілеті бұзылған азаматтарды қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесуге Абай облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Рафаиль Хазипов, Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов, Жапониядан келген профессорлар, сондай-ақ Семей қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.
Кездесу барысында көру қабілеті бұзылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, оларды жұмыспен қамту және қоғамдық әрі еңбек өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларын дамытуға және халықаралық тәжірибені, оның ішінде Жапония тәжірибесін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.