СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов «Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» тақырыбында өткен қала педагогтерінің тамыз конференциясына қатысты.

Конференция барысында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері, білім беру мен тәрбиенің сапасын арттыру мәселелері, сондай-ақ педагогтердің білімді, жауапты әрі табысты тұлғаны қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

Кәсіби біліктілігі, өз ісіне деген адалдығы және қаладағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов педагогтерге Семей қаласы мәслихатының Алғыс хаттарын табыстады.

Педагогтерге жаңа оқу жылында толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз! Олардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті еңбегі балаларымыздың жарқын болашағына берік негіз болсын!