«Конституция – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел

«Конституция – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел

«Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де «Конституция – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Семей қалалық мәслихатының төрағасы міндетін уақытша атқарушы Қанат Шапатов пен Орталық директоры, қалалық мәслихат депутаты Айболат Бекжасаров  қатысты.

Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі және әділетті қоғам – әрбір азаматтың құқықтары қорғалатын, мүмкіндігіне қарамастан баршаға тең мүмкіндік берілетін қоғам екені атап өтілді. Осындай қоғамды қалыптастыруда әрбір азаматтың, соның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше екендігіне назар аударылды.

Орталық мамандары Конституция қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғам игілігі үшін адал еңбек етіп, заңға құрмет көрсетіп, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға өз үлестерін қоса беретінін айрықша атап көрсетті.