
Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов азаматтарды қабылдады
Қабылдау барысында тұрғындар түрлі мәселелермен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер бақылауға алынып, құзырлы мемлекеттік органдарға одан әрі қарау үшін жолданды.
Жеке қабылдаулар азаматтармен өзара іс-қимылдың маңызды нысаны болып табылады, ол тұрғындардың өтініштеріне уақытылы ден қоюға, өзекті мәселелерді шешуге ықпал етуге және азаматтар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы кері байланыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.