«Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция барысында

«Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция барысында

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ОРНЫҚТЫ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, Парламенттің, сот жүйесінің, адвокатураның, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Іс-шараға барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Конференцияны ашқан Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетінін атап өтті.

«Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне негіз қаланды. Бұл құқықтық жүйені, мемлекеттік басқаруды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағдарларын айқындады. Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуімен Конституциялық Сот Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, конституциялық құндылықтарды қорғауды одан әрі нығайта береді. Бұл Қазақстанның тарихи және құқықтық дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді», – деді ол.

Абай облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілдері, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері мен мәслихат депутаттары конференцияға бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.