Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.
Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 10.00-де өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 9 сағ. 30 мин.
Өткізілетін орны: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, мәжіліс залы (2-қабат).
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қала халқын көлікпен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі ақпараты туралы.
- Семей қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп.
- Семей қаласындағы білім беру ұйымдары желісінің жай-күйі және дамуы туралы.
- Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған және 2026 жылға жоспарланған жұмысы жөніндегі ақпараты туралы.
- Әртүрлі.