ТҰҒЫРЛЫ РӘМІЗ-ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ

ТҰҒЫРЛЫ РӘМІЗ-ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Семей қаласында өткен салтанатты іс-шараға Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов, мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Мерекелік жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны орындалды. Абай облысының әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен елдік құндылықтарға адалдықтарын білдірді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен бірлігінің белгісі.
Бүгінде Семей қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба елдік құндылықтарды дәріптеп, қала тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды рухани-мәдени нысанға айналмақ.