
Құрметті семейліктер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің нышаны болып табылатын қастерлі құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – өткен тарихымызды, бүгінгі жетістіктерімізді және жарқын болашағымызға деген сенімімізді біріктіретін қасиетті белгілер.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухының көрінісі.
Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Еркен Сағандықов