«Бақытты бала – жарқын болашақ»

«Бақытты бала – жарқын болашақ»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов «Бақытты бала – жарқын болашақ» атты балалар өнер фестиваліне қатысты.

Мерекелік шара жас өрендерді шығармашылық, спорттық және зияткерлік алаңдарда тоғыстырды. Балалар үшін түрлі шеберлік сабақтары, ойын-сауық бағдарламалары, балалар шығармашылығы көрмесі мен фотоаймақтар ұйымдастырылды.
Фестиваль қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балалар үшін ұмытылмас мерекеге айналды.