
Құрметті балалар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалық шақ – өмірдің ең бақытты әрі жарқын кезеңі. Сіздердің шат күлкілеріңіз бен асқақ армандарыңыз – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Білімге құштар, тәрбиелі, дені сау болып өсіп, армандарыңызға жетіңіздер! Әрқайсыңыздың өмірлеріңіз қуанышқа, қызықты оқиғаларға және жарқын жетістіктерге толы болсын.
Ізгі тілекпен,
Еркен Сағандықов
Семей қаласы мәслихатының төрағасы