«ҚАЛАЛАРДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ» атты оқыту бағдарламасы

«ҚАЛАЛАРДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ» атты оқыту бағдарламасы

2026 жылғы 22–24 мамыр аралығында Астана қаласында Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Құсайынов Азат «ҚАЛАЛАРДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ» атты оқыту бағдарламасына қатысты.

Үш күн бойы қатысушылар қарқынды оқудан өтіп, қала ортасын дамытудағы заманауи тәсілдерді зерделеп, урбанистика, ESG және аумақтық даму салаларында кәсіби тәжірибе алмасты.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар келесі бағыттармен танысты:
✔қалалық жоспарлаудың заманауи қағидаттары
✔қалаларды дамытудың халықаралық тәжірибесі
✔көлік саясатын дамытудағы жаңа тәсілдер
✔қалалық басқарудағы смарт-шешімдер
✔ESG құралдары және тұрақты даму
✔аумақтық брендинг және қалалық бірегейлікті дамыту
✔ Қазақстан Республикасының аумақтарды кешенді дамыту стандарты
✔ жайлы және заманауи қала ортасын қалыптастыру тәсілдері

Бағдарламаны ұйымдастырғаны үшін Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығына алғыс білдіреміз.