
Семей қаласы мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларын қолдауға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Салтанатты жиында Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов сөз сөйлеп, Конституциялық реформалар кезеңінде Семей өңірінде ауқымды түсіндіру және насихат жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Марапаттау рәсімінде коалиция жұмысына белсенді атсалысқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің және жалпыұлттық коалиция жетекшісінің Алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара соңында марапат иелеріне ел игілігі жолындағы еңбектері үшін ризашылық білдіріліп, алдағы жұмыстарына табыс тіленді.