«Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымымен есептік кездесу

«Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымымен есептік кездесу

2026 жылғы 20 мамырда Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов «Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымымен кездесті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген халық алдындағы жыл сайынғы есептік кездесулер аясында, сондай-ақ Amanat партиясының жұмыс жоспарына сәйкес өтті.

Кездесу барысында Еркен Заманбекұлы 2025 жылғы қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпарат беріп, жұмыстың негізгі бағыттары, жүзеге асырылған бастамалар және депутаттық корпустың қызмет қорытындылары жөнінде баяндады.

Кездесу соңында қатысушылар ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.