Азаматтардың өтініштері тұрақты бақылауда

Азаматтардың өтініштері  тұрақты бақылауда

Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов Чехов көшесі, 116 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын қабылдады.

Кездесу барысында тұрғындар үйдегі су мәселесіне байланысты ұжымдық өтініштерін жеткізді. Тұрғындардың айтуынша, пәтерлердегі су қысымының өте төмен болуы күнделікті тұрмыста айтарлықтай қолайсыздық туғызуда.

Мәслихат төрағасы тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдап, қалыптасқан жағдайды талқылады және аталған мәселенің бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Қабылдау қорытындысы бойынша құзырлы мекемелерге тиісті сұраныстар жолданып, мәселені шешу бағытында қажетті шаралар қабылданатын болады.

Азаматтардың өтініштері Семей қалалық мәслихатының тұрақты бақылауында.