«Семей Водоканал» МКК ұжымымен есептік кездесу

«Семей Водоканал» МКК ұжымымен есептік кездесу

2026 жылғы 19 мамырда Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов «Семей Водоканал» МКК ұжымымен есептік кездесу өткізді. 

Кездесу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                8-бабына сәйкес және «Amanat» партиясының халықпен есептік кездесулер өткізу жоспары аясында ұйымдастырылды.

Жиын барысында Еркен Заманбекұлы 2025 жылғы қалалық мәслихаттың қызметі туралы есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері әлеуметтік және коммуналдық сипаттағы мәселелерді көтерді. Барлық қойылған сұрақтар бойынша толыққанды және жан-жақты жауаптар берілді.