
Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Семей қаласы мәслихаты аппаратының ұжымы кезекті сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қызметкерлер Мамай батыр көшесі бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Қоршаған ортаның тазалығы мен қала келбетін жақсарту – баршаға ортақ міндет.
Таза қала – өзімізден басталады!