
Телемосттан кейін қалалық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері іс-шара барысында көтерілген «Таза Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, экологиялық акция — жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Жұмыстар бекітілген аумақта — Сеченов көшесі ауданында жүргізілді. Сенбілік барысында аталған аумақты тазалау жұмыстары атқарылды.
Мұндай бастамалар туған қалаға деген жауапкершілік сезімін нығайтып, оның тазалығы, дамуы мен көркеюіне үлес қосады.