
Семей қаласы мәслихатының №9 сайлау округі бойынша депутаты Рауан Нұрпейісұлы Есмағанбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары нысандардың бірінің құрылыс заңдылығы мәселесі бойынша жүгінді. Сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың сақталуы мәселесін көтерді.
Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Өтініштер бақылауға алынып, азаматтарға көтерілген мәселелерді шешу жолдары түсіндірілді.