
Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағындықов №33 жалпы орта білім беретін мектепте тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Кездесу Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, мәслихаттардың жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, сондай-ақ оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беру міндеті шеңберінде және «Amanat» партиясының халықпен есептік кездесулер өткізу жоспары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Еркен Заманбекұлы 2025 жылға арналған қалалық мәслихаттың қызметі туралы есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге кеңінен тоқталды.
Жиын басында тұрғындар округте атқарылып жатқан жұмыстар үшін, атап айтқанда инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу және жарықтандыруды жақсарту бағытындағы жұмыстарға алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, жол инфрақұрылымының жай-күйі, аумақты абаттандыру, көлік қатынасының қолжетімділігі, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау мәселелері көтерілді. Барлық көтерілген сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.
Кездесу тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.