Профессор Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаевтың кітабының тұсаукесері өтті

Профессор Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаевтың кітабының тұсаукесері өтті

Семей қаласының Құрметті азаматы, ветеринария ғылымдарының докторы Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаевтың «Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы сайлау: Жеті жарғыдан бүгінгі күнге дейін» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Аталған іс-шараға мәслихат төрағасы Еркен Сағандықов, депутаттар, сондай-ақ мәслихаттың әр жылдардағы төрағалары мен депутаттары шақырылды.

Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, сайлау комиссияларының мүшелері, студенттер мен мәдениет саласының мамандары қатысты.

Кітапта Жеті жарғы кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстандағы сайлау жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жан-жақты сипатталған. Бұл еңбек – еліміз бойынша сайлау жүйесінің тарихи эволюциясын кеңінен қамтыған алғашқы іргелі зерттеулердің бірі болып табылады.

Шара барысында автор Зейнолла Қалымбекұлының осы саладағы көпжылдық ғылыми ізденістері мен зор еңбегі ерекше атап өтілді. Оның еңбегі отандық ғылым мен қоғамдық-саяси дамуды зерделеуге қосылған маңызды үлес ретінде жоғары бағаланды.