2026 жылғы 16 сәуірде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

2026 жылғы 16 сәуірде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

2026 жылғы 16 сәуірде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында үш тұрғынның өтініштері қаралды. Бірінші өтініш беруші Мясокомбинат ауданындағы көшені абаттандыру мәселесін көтерді. Екінші өтініш әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге қатысты болды — өтініш иесі бірінші топтағы мүгедектігі бар ұлын ертіп жүретін адамға санаторлық-курорттық емдеуді төлеу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Үшінші азамат қаржылай көмек көрсету мәселесімен жүгінді.

Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында толық түсіндірмелер беріліп, тиісті ұсынымдар жасалды. Көтерілген мәселелерді уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтау бойынша нақты шаралар белгіленді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.