
2026 жылғы 14 сәуірде «Күшті өңірлер және спортты дамыту – жаңа Конституцияның басымдықтары» тақырыбында мәслихат депутаттарының спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылармен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында жаңа конституциялық өзгерістер аясында спорт саласын дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, өңірлік спортты ілгерілету, жастарды қолдау және бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов пен аппарат басшысы Азат Құсайынов қатысып, жаңа Конституциядағы спортты дамыту бағыттары жөнінде баяндама жасады.
Жиын қорытындысында спортты дамыту – тек салалық міндет қана емес, елдің тұрақты дамуы мен ұлт денсаулығын нығайтудың маңызды факторы екені атап өтілді.