
2026 жылғы 1 сәуірде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында екі азаматтың өтініші қаралды. Бірінші өтініш беруші өрт салдарынан зардап шегуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Екінші өтініш қаржылай көмек көрсету мәселесіне қатысты болды.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндірмелер мен тиісті ұсыныстар берілді. Көтерілген мәселелерді уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен одан әрі пысықтау бойынша нақты шаралар айқындалды.