Семей қаласы мәслихатының кезекті 55-сессиясы өтті

Семей қаласы мәслихатының кезекті 55-сессиясы өтті

2026 жылғы 31 наурызда Семей қаласы мәслихатының 55-ші сессиясы өтті, күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «2025 жылғы қала әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есеп» бойынша қала әкімі Адлет Кожанбаев баяндама жасады. Баяндамада 2025 жылы жүктелген функциялардың орындалуы мен қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жүзеге асыру қорытындылары ұсынылды. Есеп қаралғаннан кейін қала әкіміне берілген міндеттердің орындалуы мақұлданды.  

Екінші мәселе «Семей қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есебі туралы» бойынша экономика және бюджет жоспарлау бөлімінің басшысы Бауыржан Тәттібеков баяндама жасады, қосымша баяндамашы ретінде ревизиялық комиссия мүшесі Асыл Өміртаев сөз сөйледі. Есепте бюджеттің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы, бюджеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігі, мемлекеттік қаражат пен активтердің пайдаланылуы туралы ақпарат берілді. Қарастыру қорытындысы бойынша бюджеттік жоспарлау мен қаржылық бақылауды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Үшінші мәселе «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп»   бойынша мәслихат төрағасы Еркен Сағандықов баяндама жасады. 2025 жылы 14 сессия өткізілді, 82 шешім қабылданды, оның ішінде 8 нормативтік-құқықтық актілер бар. 192 азаматтардың өтініші қаралды, 44 депутаттық сауал жолданды, олардың көпшілігі оң шешімін тапты.

Төртінші мәселе «Семей қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат» бойынша  Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ержан Сулейменов табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кешенді жұмыстар туралы баяндады. Профилактикалық шаралар жүргізілді, жоғары тәуекелді объектілер тексерілді, тұрғын үй қоры араланды, халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі, стратегиялық объектілерді қорғау және су айдындары мен тұрғын сектордағы қауіпсіздікті арттыру бойынша жұмыстар күшейтілді.

Бесінші мәселе «Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы»   спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Куат Исажанов ұсыныс жасады. Семей қаласының мәслихаты туристерді орналастыру орындарының бағасынан есептелетін ставканы тек хостелдер, қонақ үйлер және жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда нөл пайыз мөлшерінде бекітті.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.