Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.
Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 31 наурызда сағат 10.00-де өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 9 сағ. 30 мин.
Өткізілетін орны: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, мәжіліс залы (2-қабат).
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Қала әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі.
- Семей қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есебі туралы.
- Семей қаласы мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі.
- Семей қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат туралы.
- Әртүрлі.