Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті

6 наурыз 2026 жылы Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті.

Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарастырды.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/199-VIII «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілді.

Бұдан бөлек, шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.