
Коалицияның өңірлік филиалының мүшелері кәсіподақ ұйымдарымен Конституциядағы өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өткізді. Іс-шара ашық пікір алмасу алаңында ұйымдастырылып, әлеуметтік саладағы күтілетін жаңашылдықтар, жаңа Конституциядағы «Мемлекет адам үшін, адам мемлекет үшін емес» қағидасының іске асу жолдары және қоғамдық бірлікті нығайту механизмдері жан-жақты қарастырылды.
Кездесу барысында спикерлер мәслихат төрағасы Еркен Сағандықов пен депутат Дариға Абайқызы сөз сөйлеп, Конституциялық өзгерістердің әлеумепттік әділеттілікті қамтамасыз етуге, еңбек құқықтарын қорғауға және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақтардың реформаларды іске асыру үдерісіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар жаңа Конституцияның қағидаттары қоғаммен бірге талқыланып, нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуы тиіс деген ортақ тұжырымға келді.