
Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердикеновты 75 жылдық мерейтойымен құттықтау іс-шарасына қатысты.
Кездесу барысында мерейтой иесіне көп жылғы адал еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі және өңірдің рухани-мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірілді.
Еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін Кенжебай Құсманұлына мәслихат төрағасы мен қала әкімі атынан Құрмет грамотасы табысталды.
Іс-шара соңында мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және қоғамдық қызметіне толағай табыстар сияқты ізгі тілектер айтылды.