
Семей қаласында «GovTech» саласындағы стартап-жобаларға қала әкімінің гранттарын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға Семей қаласы мәслихатының депутаттары, мәслихат аппаратының басшысы, қала әкімі, әкімнің орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына байланысты бастамаларды іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Рәсім Alikhan Bokeikhan университетінде өтіп, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметін цифрландыруға бағытталған жас стартап-жобаларды қолдауға арналды.
Конкурс қорытындысы бойынша 10 жоба жалпы сомасы 30 миллион теңгеге дейінгі грантқа ие болды. Жеңімпаз жобалар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.