Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шариповтың қатысуымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы  Руслан Шариповтың қатысуымен кездесу өтті

Семей қаласы мәслихаты аппараты мен Абай облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Руслан Шариповтың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ол мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізіліп жатқан негізгі өзгерістер туралы ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау, қызметтік мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдар қызметінде жасанды интеллект элементтерін қолдану мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында Руслан Шарипов қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аясында сондай-ақ «Абай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйледі. Ол келешек ұрпаққа арнаған сөзінде адал еңбек пен өзін-өзі дамытуының маңыздылығын атап өтіп, халқына пайдалы болып, артында өнегелі із қалдыруға шақырды. Кездесу соңында ол қатысушыларға өз авторлығындағы кітаптарын табыстады.