Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің негізгі бағыттарын айқындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің негізгі бағыттарын айқындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің негізгі бағыттарын айқындады. Президент реформалардың түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыру екенін атап өтті.
Сұхбатта экономиканы әртараптандыру, инфляциямен күрес, салық саясатын жетілдіру, энергетика мен инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын дамытуға басымдық берілді.
Сонымен қатар алдағы кезеңде саяси жаңғырудың жаңа сатысы басталатыны айтылып, заң шығару жүйесін жетілдіру, Парламент жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Президент ұсынған «Заң мен Тәртіп», еңбекқорлық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары жергілікті деңгейдегі басқару жүйесі үшін де маңызды бағдар болып табылады. Семей қаласының мәслихаты бұл бағыттарды басшылыққа ала отырып, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға және мемлекеттік саясаттың өңірде тиімді іске асуына үлес қосуды көздейді.