
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл біз үшін тарихи тағылымы мол, рухани маңызы зор айтулы даталармен есте қалды. Биыл біз қазақ халқының рухани темірқазығы – Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын, сондай-ақ бейбіт өмір мен ерліктің символына айналған Ұлы Жеңістің 80 жылдығын зор құрметпен атап өттік. Сонымен қатар елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы жарияланып, ел дамуының негізі саналатын еңбек адамын дәріптеуге айрықша мән берілді.
Бүгінде біз тағы бір мазмұнды әрі табысты жылды бірге еңсеріп, алдағы кезеңге үлкен мақсаттар мен жарқын жоспарлармен қадам басып отырмыз.
Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне үміт пен сенім ұялататын, жаңа бастамаларға жігер беретін ерекше мереке. Бұл күндері әрқайсымыз өткенді саралап, болашаққа нық сеніммен қараймыз.
Құрметті жерлестер!
Туған қаламыздың дамуы мен көркеюі жолында адал еңбек етіп жүрген барша азаматтарға, соның ішінде өндіріс, құрылыс, коммуналдық сала мен қызмет көрсету саласындағы жұмысшы мамандық иелеріне ерекше алғысымды білдіремін. Әр шаңыраққа амандық, мықты денсаулық, таусылмас қуат, ырыс пен береке тілеймін. Жаңа жыл барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол жетістіктер мен қуанышты сәттерге толы болсын!
Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Еркен Сағандықов