2025 жылғы 26 желтоқсанда Семей қаласы мәслихатының кезекті 53-сессиясы өтті

2025 жылғы 26 желтоқсанда Семей қаласы мәслихатының кезекті 53-сессиясы өтті

Аталған сессия 2025 жылғы жұмыс жылын қорытындылаған соңғы сессия болды.
Сессия жұмысын бастамас бұрын қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны үшін бірқатар депутаттарды марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау барысында депутат Абдуллин Асқар Талғатұлына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың және депутат Мұрат Ақмарал Ерланқызына Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбековтың алғыс хаты табысталды.
Сессия барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Семей қаласы мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, қала аумағындағы сәулет және қала құрылысының дамуы, мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту мәселесі қаралып, барлық жоғарыда аталған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.